31-шілдеде еліміздегі су қоймаларында 4 адам қаза болды- ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігі - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
31-шілдеде еліміздегі су қоймаларында 4 адам қаза болды- ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігі

31-шілдеде еліміздегі су қоймаларында 4 адам қаза болды- ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігі

31-шілдеде еліміздегі су қоймаларында 4 адам қаза тапты. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 1 Тамыз 2003
  • 506
Фото - Caravan.kz

Алматы облысы Балтабай ауылында Үлкен Алматы арнасының шлюзында жүзіп жүрген 1986-жылғы Қасылов М. деген азамат суға кетті. Жігіттің мәйітін жергілікті тұрғындар іздестіруде.

Шығыс Қазақстан облысы Зырянов ауданында «Қазмырыш» ААҚ кен байыту комбинатының Мәдениет сарайының жанындағы жасанды су қоймасынан 31-шілде күні таңертеңгісін мемлекеттік өртке қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері суға батып кеткен еркектің мәйітін шығарып алды. Қазір әлгі адамның аты-жөні анықталу үстінде.
Қарағанды облысындағы Шұрбай-Нұра су қоймасында 36 жастағы Айғожин Б. суда жүзу барысында суға батып кетті. Жігіттің мәйітін құтқарушылар судан шығарып алды.
Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан қаласындағы Еркөл көлінде 11 жасар Мақұлбеков А. суға батып кетті. Қазір баланың мәйітін құтқарушылар іздестіріп жатыр.

Соңғы жаңалықтар