31-желтоқсаннан 1-қаңтарға қараған түні Алматыда "Денсаулық-2005" атты жарыс-шоу өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 478.93
  • 534.96
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
31-желтоқсаннан 1-қаңтарға қараған түні Алматыда "Денсаулық-2005" атты жарыс-шоу өтеді

31-желтоқсаннан 1-қаңтарға қараған түні Алматыда "Денсаулық-2005" атты жарыс-шоу өтеді

Алматы қалалық денешынықтыру және спорт комитеті 31-желтоқсаннан 1-қаңтарға қараған түні Қарасай батырдың құрметіне, қала әкімінің жүлдесі үшін "Денсаулық-2005" атты дәстүрлі мерейтойлық ХҮІ жарыс-шоу өткізбекші. Бұл туралы бүгін, 28-желтоқсанда Алматы қаласының әкімі аппаратының баспасөз қызметі таратқан хабарламада айтылған.

  • 28 Желтоқсан 2004
  • 537
Фото - Caravan.kz

Шараны ұйымдастырушылардың айтуынша, жарыс 31-желтоқсанда 23 сағат 50 минутта Республика алаңынан Сәтпаев көшесі — Байтұрсынов көшесі- Абай даңғылы бағыты бойынша басталып, 2005-жылдың 1-қаңтарында Спорт сарайының қарсы алдында аяқталады. Жүгіріп өтетін жолдың ұзындығы 2400 метрге тең.

Жасына қарай 10 топқа бөлінетін қатысушылар арасындағы жеңімпаздар түрлі марапаттарға ие болады. Жарыстан кейін оған қатысушылардың номерлері бойынша лотерея ұйымдастырылады.
Жарыс алдында және одан кейін түрлі мәдени бағдарламалар ұйымдастырылады. Қатысушылар 31-желтоқсанда 22 мен 23 сағат аралығында Орталық стадионның 9-подьезінде жиналуы тиіс.
Қатысушылар мәре басына автобуспен жеткізіледі. Шарадан кейін барлық қатысушыларды үйді-үйіне автобустар таратады.