32 килограмм марихуана сатпақ болған алматылық ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
32 килограмм марихуана сатпақ болған алматылық ұсталды

32 килограмм марихуана сатпақ болған алматылық ұсталды

АЛМАТЫ. 11-желтоқсан. Kazakhstan Today. Алматы полициясы 32 килограмм марихуана сатпақ болған жергілікті тұрғында құрықтады, деп хабарлайды Алматы қалалық ІІД-нің баспасөз қызметі.

  • 11 Желтоқсан 2006
  • 356
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, есірткі сатушы жексенбі күні Әуезов ауданында ұсталды. 38 жастағы ер адам есірткіні Өтеген батыр көшесінің бойындағы өз үйінің ауласында сатуға әрекет жасаған. Оперативтік қызметкерлер күдіктінің пәтерінен ішіне шөп салынған екі қап тапты. Марихуананың жалпы салмағы 32,5 килограмм болып шықты.

Тұтқын уақытша тергеу қапасына қамалды.

Жалпы алғанда өткен аптада Алматылық тәртіп сақшылары есірткі сатумен шұғылданған 19 адамды қолға түсірді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта