Caravan Logo

32 жастағы шалқарлық даяшыға шабуыл жасағаны үшін ұсталды

32 жастағы шалқарлық даяшыға шабуыл жасағаны үшін ұсталды

Оның сөзіне қарағанда, ол жұмыстан үйіне кетіп бара жатқан кезінде, шамамен сағат 00.35-те белгісіз ер адам шабуыл жасаған. Ол алдымен әйелді соққыға жығып, кейін сөмкесін тартып алып, ізін суытқан.

Бұл қылмысты жасауда күдікті ретінде АІІБ-ның қызметкерлерімен 32 жастағы ер адам ұсталды. Ол бұған дейін ұрлық пен бұзақылық үшін істі болған.

Қазіргі уақытта бұл факті бойынша тексеру амалдары жүргізілуде, күдіктіден ешқайда кетпейтіні жайлы қолхат алынды. Ұрланған заттар тәркіленді.