"33 күн аппаратта жатты": Бағым Мұхитденова алғаш рет күйеуінің қазасы туралы айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
6 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"33 күн аппаратта жатты": Бағым Мұхитденова алғаш рет күйеуінің қазасы туралы айтты

"33 күн аппаратта жатты": Бағым Мұхитденова алғаш рет күйеуінің қазасы туралы айтты

Ағымдағы жылдың 6 ақпанында танымал музыкалық продюсер Бағым Мұхитденованың күйеуі Әділжан Юсупов қайтыс болған еді.

  • 10 Шiлде
  • 19
Фото: instagram.com/bagym_m

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Жарынан айырылған Бағым Мұхитденова журналист Аман Тасығанға сұхбат беріп, күйеуінің неден қайтыс болғанын айтты.

«Оның диагнозы өкпе қабынуы болды. Ол ауруханға барғысы келмеді. Жаңа жыл мейрамының уақытында болды. Мен ауруханаға барайық дегенімде мейрамнан кейін барамын деді. Ешкімді тыңдамады. 2 қаңтар күні жедел жәрдем алып кетті. Келесі күні маған хабарласып, оның жағдайы ауыр екенін, ивл аппаратына қосатындарын айтты. Біз ұзақ уақыт күрестік. Жездем Тұрсын Алагөзовке алғыс айтамын. Себебі, экмо аппаратын да қосу керек болды. Ол 33 күн сол аппаратта болды. Бірақ, шыдамады. 33 күн аурумен күресу өте ұзақ уақыт. Мен шығармашылықтың адамымын. Табысым да көп емес. Біздің елде медицина өте қымбат. Күнде аппаратта ұстау өте көп ақшаны талап етеді. Бірақ, біз қолымыздан келгенше күрестік. 33 күн жатып, өкпе қабынудан қайтыс болды. Сондықтан, құрметті көрермендердер, өздеріңізді күтіңіздер. Ауруханаға дер кезінде барыңыздар. 4 күн ғана ауырып, ауруханаға түсті. Бірақ, қайтыс болды», — дейді ол.

Желі қолданушылары қыс айларында ел аумағында түсініксіз инфекцияның тарағанын жарыса жазуда.

«Қыста короновирусқа ұқсайтын түсініксіз бір инфекция жүрді. Біз де отбасымызбен ауырдық, зорға жазылдық», «Дәл сол уақытта менің күйеуім де тұра алмай қатты ауырды. Шығыс медицинасына барып аман қалды», «Жаңа жыл алдында біз де отбасымызбен пневмония болдық. Зорға аяққа тұрдық», — деп жазды олар.

Перейти к новостям спорта