"3-4 жылда сідікжан сияқты ептиалмайттардың сан түрін көріп, күйіп кеткеннен боқтағым кеп кетеді" - Сәуле Әбілдаханқызы - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+2 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"3-4 жылда сідікжан сияқты ептиалмайттардың сан түрін көріп, күйіп кеткеннен боқтағым кеп кетеді" - Сәуле Әбілдаханқызы

"3-4 жылда сідікжан сияқты ептиалмайттардың сан түрін көріп, күйіп кеткеннен боқтағым кеп кетеді" - Сәуле Әбілдаханқызы

ІІМ Қазақстанда 2023 жылдың наурыз айынан бастап қоғамдық орында балағат сөздер айтқаны, қорлағаны және ғимараттарды қорлағаны үшін құқық бұзушыға 69 мың теңге көлемінде айыппұл салынуы немесе 30 тәулікке дейін қамауға алынуы мүмкін екенін айтқан болатын.

  • 10 Қаңтар 2023
  • 428
Фото - Caravan.kz

Осыған байланысты журналист Сәуле Әбілдаханқызы Facebook желісіндегі парақшасында өз пікірін білдірді, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Адам неге боқтайды?

Себептері көп: біреулер қанша мәдениетті болса да, әділетсіздікті көре-көре, сабыры сарқылғанда, күйіп кетіп боқтайды, біреулер тәрбиесіздіктен, надандықтан, мәдениетсіздіктен боқтайды, біреулер әдет қылып алғаннан еш себепсіз боқтайды (сөзінің салтына айналған), біреулер қызық үшін "прикол" ұстап боқтайды т.с.с. психологиялық, әлеуметтік себептері көп

Боғауыз сөздің құлаққа түрпідей тиіп, қаныңды қарайтатын қуаты бар…

Әрине, боқтамай, ибалы, биязы, мәдениетті болғанға не жетсін!..

Бірақ біздің қоғамда ондай болу қиын-ау…

Мәдениетті қоғам қалай қалыптасады?

Әрине, мәдениетті, дұрыс әділ заңы бар, сол заңы жұмыс істейтін, адамдары иттікке емес, ізгілікке бейім елде мәдениет те қалыптасады.

Балабақшадан өтірікке, екіжүзділікке, "күштілікке", әділетсіздікке тәрбиелейтін, мәдениет министрі ресми сұхбатында "тебе сверху или снизу нравится?" деп он қайталап оттап тұратын қоғамда қайдағы мәдениет?..


Далбайларды далбай демей не дейсің?..

Бұрын мүлде боқтамайтынмын… соңғы 3-4 жылда сідікжан сияқты ептиалмайттардың сан түрін көріп, күйіп кеткеннен боқтағым кеп кетед…

Боқтықты заңмен күштеп тыйғанның нәтижесі қалай боларын қайдам, бірақ шіріген системаңды түп-тамырымен жойып, идеологияңды қалыпқа келтірсең, боғауыз да өз-өзінен азаяды… оны жою мүмкін емес, әрине… ол тек мәдениетсіз надандардың, ауыш зауыштардың лексиконы, стилі болып қала берер еді", — деп жазды Сәуле Әбілдаханқызы.