№35 автобус жүргізушісі қамауға алынды; полиция қызметкері әлі ес-түссіз жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
№35 автобус жүргізушісі қамауға алынды; полиция қызметкері әлі ес-түссіз жатыр

№35 автобус жүргізушісі қамауға алынды; полиция қызметкері әлі ес-түссіз жатыр

Алматыда жол полициясының көлігін қаққан автобус жүргізушісі қамауға алынды. Өткен аптада орын алған апат салдарынан Жол полициясы басқармасына қарасты арнайы батальон командирінің орынбасары ауыр жарақат алғанын хабарлағанбыз.

  • 7 Маусым 2011
  • 455
Фото - Caravan.kz


Бас сүйегі қатты зақымданған полиция қызметкері Әнуар Байтұрсынов әлі күнге дейін ауруханада ес-түссіз жатыр. Дәрігерлер оның тек арнайы аппараттың көмегімен тыныс алып жатқанын айтады. Ал  аталмыш оқиғаға себепкер болған 23 жастағы автобус жүргізушісі Руслан Қалиевке қатысты   қылмыстық іс қозғалып, қамауға алынды. Сондай-ақ №35 бағытта қызмет көрсеткен автопарк те  жауапсыз жүргізушінің кесірінен маршруттан айырылды. Қалалық әкімдік №35  бағытты “Эспресс-Транстан” алып, оны тендер жарияланғанша,уақытша басқа автопаркке берді. Естеріңізге салсақ, жол апаты 1-маусымда қаланың қақ ортасында орын алған. Көшедегі көлік қозғалысын реттеп тұрған жол сақшысы Абай даңғылымен келе жатқандарды тоқтатып, Фурманов көшесіндегі көліктердің жүруіне рұқсат берген. Осы кезде автобус оны тыңдамай, жоғары жылдамдықта өтіп кетпек болып, полиция көлігін қақ ортасынан қағып, бір-ақ тоқтады. 

Соңғы жаңалықтар