"38°С дейін аяз" Синоптиктер алдағы күндері ауа райы қандай болатынын айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
6 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"38°С дейін аяз" Синоптиктер алдағы күндері ауа райы қандай болатынын айтты

"38°С дейін аяз" Синоптиктер алдағы күндері ауа райы қандай болатынын айтты

"Қазгидромет" РМК 26-28 қаңтар аралығындағы ауа райына болжам жасады

  • 25 Қаңтар 2019
  • 97
Фото - Caravan.kz

 Синоптиктердің болжамынша, алдағы демалыс күндері республиканың басым аумағында аяз болады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Қазгидромет" ақпаратынша, 26-28 қаңтар күндері антициклон әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде түнде —30…-38 градусқа дейін аяз болады деп болжанып отыр. Ал күндіз сынап бағанасы —18…-27, кей жерлерде —30 градусқа дейін төмендейді.

Орталық Азия арқылы циклон ығысады. Қазақстанның солтүстік жартысында суық антициклон, ал Орталық Азияда жылы циклон әсерінен республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығысының таулы аудандарында бұрқасындатып, жел күшейеді.

Сондай-ақ, синоптиктер 26 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысында дабылды ескерту жариялады. Ертең кей жерлерде бұрқасындатып, оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің күші 15-20, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с дейін барады.

Петропавлда да бұрқасын және қатты жел.


Ірі қалалардағы ауа райы

Астана

26 қаңтарда: күндіз қар жауады, ауа температурасы —6…-8, түнде —14…-16 градус;

27 қаңтарда: күн ашық, көшпелі бұлт шығады, сынап бағанасы күндіз —18…-20, түнде —25…-27 градусты көрсетеді.

Алматы

26 қаңтарда ауа температурасы күндіз +3…+5, түнде —6…-8 градус;

27 қаңтарда: күндіз сынап бағанасы +3…+5, ал түнде —5…-7 градусты көрсетеді.

Шымкент

26 қаңтарда күндіз ауа температурасы +10…+12, түнде 0… —2;

27 қаңтарда; күндіз +10… +12, ал түнде 0…-2 градус шамасында.

 

Перейти к новостям спорта