Caravan Logo

39 «алтын белгі» иегері не себепті грантқа іліге алмай қалды?

39 «алтын белгі» иегері не себепті грантқа іліге алмай қалды?

Ондағылар халықаралық олимпиададан жүлдемен оралғандар ғана емес, 39 алтын белгі иегерінің биыл тегін оқуға түспей қалғандарын айтып отыр.

Яғни олардың көбі мемлекеттік грант аз бөлінетін мамандықтарға құжат тапсырған екен. Алайда грант саны барлығына жетпегендіктен, мектепті үздік аяқтап жоғары балл алғандардың біразы бюджет есебінен оқу мүмкіндігінен айырылып отыр. Тіпті, алтын белгіге бітіргендердің саны бір мамандыққа бөлінген грант санынан артып кеткен. Сол үшін оқуға түсе алмағандардың енді ақылы бөлімге барудан басқа амалы жоқ дейді құзырлы министрлік. Айта кетейік, биыл мемлекеттік грантқа ие болғандардың тізімі кеше түнде шыққан еді. Оның ішінен өз аты-жөнін таппаған бірнеше халықаралық олимпиада жеңімпаздары еліміздің бас мұғаліміне шағым жазған болатын.  

Серік Өмірбаев, ҚР Білім және ғылым министрлігінің департамент директоры:

- Алтын белгілер мен халықаралық түрлі олимпиада жеңімпаздарының оқуға түспей қалуы жылда қайталанатын жайт. Бұған қабылдау комиссиясы да кінәлі. Олар қай мамандыққа қанша грант бөлінгенін айтып, түлектерге барлығын дұрыс түсіндіруі керек еді.

Loading...