3-шi сынып оқушысының анасы мүғалімнен сот арқылы Т500 мың талап етіп отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
3-шi сынып оқушысының анасы мүғалімнен сот арқылы Т500 мың талап етіп отыр

3-шi сынып оқушысының анасы мүғалімнен сот арқылы Т500 мың талап етіп отыр

Павлодар қалалық сотына 3-ші сынып оқушысының анасы Қадиша Омарова оның баласын шымшыған педагогтан моральдық шығынды өтеп беру туралы арыз түсірді, деп хабарлайды соттың баспасөз қызметі.

  • 31 Мамыр 2011
  • 489
Фото - Caravan.kz

«Азаматша сотқа оның ұлына келтірілген моральдық залалды өндіріп беру туралы шағыммен келді», – деп хабарлайды сейсенбі күні қалалық соттың баспасөз қызметі.

Арызданушының айтуынша, №6 мектептің коррекциялық сыныбында оқитын оны ұлы қазақ тілі пәнінің мұғалімі оны аз ғана жазықтылығы үшін шымшып, арқасынан ұратынын айтып шағымданған.

Сәуір айында осындай оқиғадан кейін баланың анасы алдымен дәрігерлерге, кейін полицияға барған.

«Оқушы психиатрдәрігерге қазақ тілі пәнінің сабағында дәретханаға сұранғанын, бірақ мұғалім оны жібермегенін айтты. Ол сыныптан өз бетімен шығып, қайтып келгенде мұғалім оны шымшып, күш қолдана бастаған. Шыдамаған бала дәлізге қашып шыққан. Оны полиция инспекторы қуған», – деп хабарлайды қалалық сот.

Сот-медициналық сараптама актісі баланың денесінде ұрып-соққаннан із қалғанын қуаттады. Әкімшілік өндіріс қозғалды. Сонымен қатар, Қ. Омарова моральдық залалды өтеу туралы сотқа шағым түсірді.

«Анасы моральдық залалды өтеуге 500 мың теңге талап етіп отыр», — деп нақтылады баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар