4 адамның өліміне себепші болған микроавтобус жүргізушісі 10 жылға сотталды - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
4 адамның өліміне себепші болған микроавтобус жүргізушісі 10 жылға сотталды

4 адамның өліміне себепші болған микроавтобус жүргізушісі 10 жылға сотталды

Ақсу қаласында колледждің 4 студентінің өліміне себепші болған микроавтобус жүргізушісі 10 жылға сотталды.

  • 2 Қазан 2014
  • 502
Фото - Caravan.kz

«Жүргізуші Қылмыстық кодекстің 296-шы бабы бойынша айыпты деп танылып, 10 жылға сотталды. Ол жазасын қоныс-колонияда өтейді.

Сонымен қатар, сотталушы 18 млн теңге көлемінде моральдық және материалдық шығын төлеуі тиіс», — деп хабарлайды сот өкілі.

Бұған дейін хабарланғандай, осы жылы сәуір айында Ақсу маңындағы темір жол өткелінде шағын автобус пен тепловоз соқтығысқан болатын. Апат салдарынан бір адам оқиға орнында қаза тауып, тағы үшеуі ауруханада көз жұмған-ды. Апат кезінде автокөлікте жүргізушіні қосқанда тоғыз адам болған. Жолаушылар ферроқорытпа зауытында тәжірибеден өтіп қайтып келе жатқан колледж студенттері болатын.

Жол апатының ережені өрескел бұзып, бағдаршамның қызыл түсі жанғанына қарамастан темір жол өткелінен өтіп кетпек болған автобус жүргізушісінің кесірінен болған.