4 айлық нәрестені қағып өлтірген қос келіншекке қатысты сот отырысы басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
4 айлық нәрестені қағып өлтірген қос келіншекке қатысты сот отырысы басталды

4 айлық нәрестені қағып өлтірген қос келіншекке қатысты сот отырысы басталды

Алматыда мас күйінде тізгінге отырып, 4 айлық нәрестенің өліміне себепкер болған қос келіншекке қатысты сот отырысы басталды. Мамыр айында ащы судан ұрттап алып, бір-біріне көлік айдауды үйретпек болғандардың басы бәлеге қалған еді. Енді олар айыпталушылар орындығында отыр.

  • 7 Тамыз 2015
  • 269
Фото - Caravan.kz

Зайра Серікбаева мен Айгүл Есенбаева 2 адам мен 3 көлікті қағып өтіп, оқиға орнынан жасырынғаны үшін айыпталуда. Жантүршігерлік апат салдарынан кішкентай Дарияна Мәлік тіл тартпай кетті. Сондықтан тергеу амалдары аяқталғанша айыпталушылар темір торға қамалған еді. Жастары 30-дан асқан бұл келіншектер бір отырыстан шыққандарын айтқан. Ащы су бойларын қыздырған соң көлік иесі құрбысына темір тұлпар жүргізуді үйретпек болыпты. Бүгінгі сот отырысында бірі кінәсін ішінара, ал екіншісі толық мойындады. Енді оқиға куәгерлерінен түсінік алынуда. Бірақ көлік тізгінінде нақты кімнің отырғанын олардың ешқайсысы көре алмапты. Ал сол оқиғадан қатты зардап шегіп, есін ауруханада жиған Карина Кулиева бұл күнді әлі де үреймен есіне алады.

Карина Кулиева, жәбірленуші:

— Жол жиегімен келе жатқанымызда көлік қағып өтті. Есімді тек ауруханада жия алдым. Бүйрегім ауырып, тобығым сынып, кеуде тұсым қатты ауырды. Қазіргі уақытқа дейін кішкентай  інімнің өлімі үшін өзімді кінәлаймын. 

Соңғы жаңалықтар