Caravan Logo

4 баланың анасының атпен секірген ерсі екен: Жұлдыз Әбдікәрімова өзін сынаған оқырманына жауап берді

4 баланың анасының атпен секірген ерсі екен: Жұлдыз Әбдікәрімова өзін сынаған оқырманына жауап берді


Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Атқа отырып, шапқан Жұлдыз Әбдікәрімованы оқырманы "Жұлдыз ақылды, әдемі келіншексің. 4 баланың анасының атпен секірген ерсі екен" деп сынға алды.

Көпке ұзамай актриса өзін сынаған оқырманынан былай деп жауап берді:

"Кейде біз ұялмайтын жерде ұялып, ұят болатын жерде ұялмаймыз. 4 баланың анасына атқа отырған ерсі емес. Қазақтың кең сахарасында өскен ержүрек қыздардың бәрі аттың құлағында ойнаған. Тіпті, көлік болмаған заманда 4 емес, 10 баласы апаларымызға дейін мініс еткен. Бояушы-бояушы деген сайын сақалымызды боямайықшы", - деп жауап берді актриса.