4 келіге жуық героин есірткісін алып өтпек болған Қырғызстан азаматшасы құрықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
4 келіге жуық героин есірткісін алып өтпек болған Қырғызстан азаматшасы құрықталды

4 келіге жуық героин есірткісін алып өтпек болған Қырғызстан азаматшасы құрықталды

Бүгін жылыту құралына салынған 4 келіге жуық героин есірткісін алып өтпек болған Қырғызстан азаматшасы құрықталды, деп хабарлады ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.

  • 3 Маусым 2011
  • 394
Фото - Caravan.kz

ҚР ҰҚК Шекара қызметі «Оңтүстік» аймақтық басқармасының «Мерке теміржол» шекаралық қадағалау бөлімінің шекара наряды «Бішеке-Новосібір» пойызында Қырғызстан азаматшасын ұстады. Оның өзімен бірге алып келе жатқан жылыту құралындағы жасырын қуыстан жалпы салмағы 3 келі 910 грамм героин есірткісі табылды.

2011 жылдың басынан бастап ҚР ҰҚК Шекара қызметінің әскери қызметшілері мемлекеттік шекара арқылы жалпы салмағы 107 келіден астам есірткі заттарын тасымалдаудың 63 әрекетін анықтады. Оның ішінде 23 келіден астамы — героин есірткісі.

Соңғы жаңалықтар