4 маусым - мемлекеттік рәміздер күні - kaz.caravan.kz
  • $ 493.85
  • 519.04
0 °C
Алматы
2024 Жыл
15 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
4 маусым - мемлекеттік рәміздер күні

4 маусым - мемлекеттік рәміздер күні

Қазақстанның Туы, Елтаңбасы мен Әнұраны ел егемендігінің, тәуелсіздігіміз бен бірегейлігіміздің басты нышаны. Мемлекеттік рәміздер 1992 жылы маусымда ресми түрде бекітілді, биыл 31 жыл болды. Ал қазақстандықтар Мемлекеттік рәміздер күнін 2007 жылдан бастап тойлайды.

  • 4 Маусым 2023
  • 22
Фото - Caravan.kz

Алтын ою-өрнекпен, шұғылалы күнмен және оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген көгілдір түсті әдемі Туымыз, мемлекеттік Елтаңбамыз бен патриоттық Әнұранымыз – халықтың мақтаныш сезімін оятады. Бұл құндылықтар бұралаң әрі қиын жолды, сол жолда қол жеткізген жетістіктерімізді және алдағы мақсаттарымызды паш етіп тұрғандай.

Мемлекеттік рәміздер күні құтты болсын, қымбатты достар! Еліміз гүлденіп, халықтың әл-ауқаты артып, денсаулығы мықты болсын!