4 пайыздық автонесие: екі банк қана өтініш қабылдайды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
4 пайыздық автонесие: екі банк қана өтініш қабылдайды

4 пайыздық автонесие: екі банк қана өтініш қабылдайды

 

  • 21 Маусым 2022
  • 32
Фото - Caravan.kz

Индустриялық даму қоры 4 пайыздық жеңілдетілген автонесие бағдарламасын қаржыландыру туралы айтты, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz -ке сілтеме жасап. 

Қор Еуразиялық банк пен Қазақстан Халық банкіне жеңілдетілген автонесиелерді қаржыландыру бағдарламасы бойынша кезекті транштарды бөлу туралы хабарлады.

Бөлінген лимиттер мөлшері:

  • "Евразиялық банк" — 10 миллиард теңге;
  • "Қазақстан Халық банкі" — 7,5 миллиард.

Бағдарлама бойынша қатысушы банктерге барлығы 90 миллиард теңге аударылған.


"Бүгінде қатысушы банктер жалпы сомасы 82 миллирад теңгеге 10 888 өтінімді мақұлдап, 4 847 автокөлік берді. Жалпы сомасы 90 миллиард теңгенің бөлінбеген лимиті — 8 миллирад теңге.

Осы сома шегінде автонесие алуға өтінішті тек "Еуразиялық банк" АҚ мен "Қазақстан Халық банкі" АҚ қабылдайды. Бағдарламаға қатысушы қалған банктер бөлінген лимиттерді толығымен игерді", — делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар