«4 сағаттан бері кезекте тұр»: Талғат Рысқұлбек Алматы әкімінен тізіліп тұрған автобустар жайын түсіндіруді сұрады (ВИДЕО) - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«4 сағаттан бері кезекте тұр»: Талғат Рысқұлбек Алматы әкімінен тізіліп тұрған автобустар жайын түсіндіруді сұрады (ВИДЕО)

«4 сағаттан бері кезекте тұр»: Талғат Рысқұлбек Алматы әкімінен тізіліп тұрған автобустар жайын түсіндіруді сұрады (ВИДЕО)

Қоғам белсендесі Талғат Рысқұлбек қалада бір ғана жағар-жанар май стансасына тізіліп тұрған қоғамдық көліктер жайлы айтты.

  • 23 Маусым 2022
  • 1011
Фото - Caravan.kz

Бұл жағдайды бірнеше күннен бері байқаған белсенді оны видеоға түсіріп алыпты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

«Міне тізіліп тұрған автобустар, Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев мырза, мұны не дейміз коррупция дейміз ба әлде қалай? Бір ғана жанар-жағар май стансасы. Кезекте тұрған автобустар», — деді видеода Талғат Рысқұлбек.

Бұдан кейін жол бойында кезекте тұрған автобустарды санап шыққан белсенді 40-қа жуық көлік тұрғанын айтты. .

Ал видеода кезекте тұрған қоғамдық көліктердің бірінің жүргізушісі бүкіл қала бойынша 3 жанар май стансасына ғана кіре алатынын, 4 сағаттан бері кезекте тұрғанын айтты.

«Мынау Райымбек Момышұлының қиылысындағы "Қазтрансгаз" деген жанар-жағар май станцасы. Автобустардың бәрі осыған кезекте тұр, бұл не сұмдық
»,- деді Талғат Рысқұлбек.

 

Алматы қаласының әкімдігі Ерболат Досаев

Posted by Talgat Ryskulbek on Tuesday, June 21, 2022

 

Соңғы жаңалықтар