4 жыл бойы жалған ақша жасаған қылмыстық топқа қатысты сот үкімі шықты
|
Ал Таразда жалған ақша жасаған қылмыстық топқа қатысты сот үкімі шықты. Алаяқтар жылмысқы әрекеттерімен 4 жыл бойы айналысып келген.
Жалпы жалған теңгенің неше соммасы айналымға түсіп, жұрттың қолында жүргені белгісіз. Жасырын цехтарына жүргізілген соңғы тексерудің өзінде 3 млн теңгеден астам купюра тәркіленіпті. Негізінен жаңа және ескі үлгідегі 5-10 мың теңгелік банкноттарды басып шығарған. Сапасы өте жоғары болғандықтан, түпнұсқасынан айыру қиын. Тіпті, арнайы құрылғымен тексергеннің өзінде ондағы қорғаныс белгілері айқын көрінеді екен. Айласы әшкере болған 6 қылмыскерге бүгін сот 4 жылдан 12 жылға дейін жаза кесті.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін