4 жылда еліміздегі теміржол саласындағы машина құрылысы 15 есеге артты - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
4 жылда еліміздегі теміржол саласындағы машина құрылысы 15 есеге артты

4 жылда еліміздегі теміржол саласындағы машина құрылысы 15 есеге артты

2008 жылдан бері Қазақстанда теміржол саласындағы машина құрылысы 15 есеге өсті. Бұл көрсеткіш 2008 жылғы 10 млрд. теңгеден, 2012 жылы 155 млрд. теңгеге жетті. Бүгін Астанада «Атамекен» одағы» Ұлттық экономикалық палатасы президиум отырысында «Қазақстан темір жолы ҰК» АҚ президенті Асқар Мамин осылай мәлім етті.

  • 30 Қараша 2012
  • 335
Фото - Caravan.kz

«Біз өз алдымызға 2015 жылға қарай бұл көрсеткішті екі есеге дейін арттырып, 300 миллиард теңгеге жеткізуді міндет етіп қойып отырмыз. Осылайша, көрсеткіш 2008 жылмен салыстырғанда 30 есеге ұлғаятын болады», — дейді А. Мамин. Оның айтуынша, 2015 жылға қарай темір жол саласындағы шығарылатын машина құрылысы өнімдерінің жартысына жуығы Кеден одағы мемлекеттеріне және басқа да елдерге экспортталатын болады.

Естеріңізге сала кетейік, «Атамекен» одағы» ҰЭП президиумының отырысында негізінен тауарлар, жұмыстар мен сатып алудағы қазақстандық қамту мәселесі талқыланған болатын.