Атап айтқанда, кеше күндіз Алматы облысы аумағындағы «Шелек-Ақтоған» жолында 15 адамы бар 5 техника қарға кептеліп қалған. Өрт сөндірушілердің күшімен көліктер жолдың тазартылған бөлігіне шығарылды. Олар өз бағыттарымен аттанды. Зардап шеккендер жоқ
Ал бұдан 4 сағаттан кейін «Талдықорған — Қапал» күре жолының 40-55 шақырымында, Абай ауылы маңында 2 жеңіл машина және 23 адам қарға кептеліп қалған. Өрт сөндірушілердің күшімен (3 адам және 1 техника) көліктер шығарылды. Олар да өз бағыттарына жүріп кетті. Зардап шекккендер болған жоқ.