40 жасқа толған Ақбота Керімбекова үшінші рет тұрмысқа шықпақ - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
+1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
40 жасқа толған Ақбота Керімбекова үшінші рет тұрмысқа шықпақ

40 жасқа толған Ақбота Керімбекова үшінші рет тұрмысқа шықпақ

Бұған дейін екі рет күйеуден ажырасқан әнші Ақбота Керімбекова бүгінде сүйікті ер адамының бар екенін жасырмады. Әнші үшінші рет тұрмысқа шығуы мүмкін екенін жеткізді.

  • 12 Желтоқсан 2016
  • 6106
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасында айтылды, деп жазады Stan.kz.

Ақбота Керімбекова 40 жасқа толып, той жасады. Бала күнінен туған күнін атап өткенді жақсы көретін әнші дос-жарандары мен туған-туыстарының басын қосты. Өз сөзінде әнші тойда сүйіктісінің де жүргенін айтып қалды. Алайда әнші өзі таңдаған ер азаматын сол күйі жарияламады.

“Бақытты болуға ешқашан кеш емес”, – деді әншінің өзі.

Ал Ақботаның анасы Бибіажар Маханбетова қызының үшінші рет тұрмыс құруына қарсы емес екенін жеткізді.

“Өзім өнер адамы болған соң Ақботаны 100 пайызға түсінемін. Өйткені өмір деген бір-ақ рет беріледі. Тағдыр әртүрлі болады. Оның бәріне көну керек. Оның бәріне шүкіршілікпен қарау керек. Аллаға шүкір, жалғыз қыз болып өсті, еркелеп өсті. Әрбір ата-ана баласының жетістікке жеткенін қалайды. Шүкір деймін, тәуба деймін. Жалғыз қыз болып ерекелеп, басқа жолға түсіп кетсе, не істер едім? Үш баласын тапты, күйеулеріне де адал болды. Ана ретінде қызыма рахмет айтамын. Менен ештеңе жасырмайды, өйткені құрбысы менмін.


“Бұған дейінгі азаматтар саған ілесе алмады. Сен өз биігіңде қал. Халықтың, өнер адамысың. Халқың аман болсын. Халық аман болса, сен әрқашан жарқырайсың. Одан проблема жасама”, – деп айтып отырамын”, – дейді ол.

Айта кетейік, екі некесі сәтсіз аяқталған соң Ақбота Керімбекова бұған дейін де үшінші рет күйеуге шығуға талпыныс жасаған. Алайда әншінің бұл ойы сәтсіз аяқталған болатын.