18 ақпан аудандық ауруханаға таңғы сағат 05:00 шамасында бас жарақаты бар 40 жастағы ер адам жеткізілді. Ол ауруханада жансақтау бөлімінде қайтыс болды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Белгілі болғандай, жәбірленушіге осы күні оның 23 жастағы алыс туысы келген. Олардың арасындағы ұрыстан кейін 40 жастағы ер адам ауруханаға түсті.
Күдікті қылмыс орнында ұсталды. ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігі "Кісі өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.