"40 жыл намаз оқыса да кемелденуі екіталай": Дінтанушы санасы тұмшаланған адамдар туралы айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 512.44
  • 593.15
+23 °C
Алматы
2025 Жыл
16 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"40 жыл намаз оқыса да кемелденуі екіталай": Дінтанушы санасы тұмшаланған адамдар туралы айтты

"40 жыл намаз оқыса да кемелденуі екіталай": Дінтанушы санасы тұмшаланған адамдар туралы айтты

Жазушы, дінтанушы, "Кемел адам" кітабының авторы Қайрат Жолдыбайұлы эмоциясын орынды қолдана білмейтіндер туралы сөз қозғады.

  • 23 Мамыр
  • 16
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Қайрат Жолдыбайұлының айтуынша, санасын жағымсыз сезімдер улаған адам дұрыс шешім шығара алмайды.

«Өкпе-реніш, уайым-қайғы, өзімшілдік, тәкаппарлық, қызғаныш, көрсеқызарлық секілді сезімдер адам санасын тұмшалап, дұрыс ойлауға, әділетті байлам жасауға көп кедергі келтіреді. Эмоциясын орынды қолдана білмейтін адам қанша оқыса да, неше жасқа келсе де, басынан қандай жағдай өтсе де дұрыс шешім шығара алмайды. Сондықтан адамға ең әуелі құндылықтар мен эмоциясын орынды қолданып, басқара білуді үйренуі қажет. Онсыз Гарвардты бітіріп, қырық жыл намаз оқысаң да кемелденуің екі талай», — деп жазды ол.

Дінтанушының оқырмандары да оның бұл пікірімен келісуде.

«Ия, адамға бірінші тәрбие, эмоционалдық интеллект керек», «Дұрыс айтасыз, қазір намаз оқып жүргендердің көбі ашуын басқара алмайды», «Шынымен қазір көп адам намаз оқысам болды басқалардан биік бола қаламын деп ойлайды. Адам адамнан мінезімен, ақылымен ғана ерекшеленеді», — деп жазды олар.