«Вокал» дәстүрлі аталымында биылғы жылы солистерден бөлек, дуэттер, триолар, квартеттер мен қала мектептеріндегі ән театрлары өнер көрсетіп, 87 туындыны орындады. Олардың әншілік шеберлігі, сахна мәдениеті, әртістілігі мен нөмірдің мазмұны бағаланды.
Фестивальдің вокал жанрында 37 шығармашылық ұжым лауреат атанды.
«Балауса» жалғасуда, алда мектеп оқушыларының басқа аталымдардағы сайыстары бар. Фестивальдің қорытындысы дәстүрлі гала-концертте шығарылады.