Жарияланды: 840

40-қа жуық адам пластик терезе жасауға және орнатуға уәде берген алаяқтың құрбаны болды - СҚО

Петропавл қаласының және Қызылжар ауданының 40-қа жуық тұрғыны, басым бөлігі зейнеткерлер, арзан бағамен пластик терезе жасап, орнатып беруге уәде берген алаяқтың құрбаны болды, деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облысының Ішкі істер департаментінен.

«Акция! «Эко пласт» ЖШС 50 пайыздық жеңілдікпен пластика терезе жасайды» деген хабарландыруға сеніп қалғандар алаяқтың алдауына түсіп алданып қалған. Фирманың кеңсесінде отырған төрт қызметкердің өзі алаяқтың құрбаны болғандарын айтуда. Оларды жұмысқа қабылдаған азамат өзін алматылық «Эко пласт» фирмасының қызметкері деп таныстырған және Петропавлда филиал ашқалы отырғанын айтқан. Күнде кешкісін кеңсеге келіп, клиенттер алдын ала төлеген ақшаны алып кетіп отырған, ал соңғы күні барлық құжатты алып кеткен. Алданғандардың барлығы күдіктіні фотосуретінен танып отыр. Полицейлер іздеу шараларын жүргізуде. Петропавл ішкі істер басқармасына 40-қа жуық арыз түскен. Зардап шеккендердің негізгі бөлігін зейнеткерлер құрап отыр. Келген шығын 1,5 миллион теңгені шамалайды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін