41 жастағы азаматтың үстіне жай түсіп, жылқысымен бірге мерт болды - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
41 жастағы азаматтың үстіне жай түсіп, жылқысымен бірге мерт болды

41 жастағы азаматтың үстіне жай түсіп, жылқысымен бірге мерт болды

Қарағанды облысында  бір адамның төбесіне жәй түсіп мерт болды. Марқұм нөсерде найзағай отынан жасырынатын пана таба алмай, оқиға орнында бірден жан тапсырған.

  • 7 Маусым 2011
  • 484
Фото - Caravan.kz

Қайғылы оқиға облыс орталығынан 500 шақырым жердегі қыстақтардың бірінде орын алды. Мал бағып жүрген 41 жастағы азаматтың үстіне жай түсіп, астындағы жылқысымен бірге өліп кеткен. Ал теміртаулық 17 жастағы Иван Сутуланың көрер жарығы бар екен. Бозбалағажексенбі күні аялдамада тұрған жерінде найзағай түсіп, есінен танып қалған. Оның қасында болған 5 жігіт те  екі метр әрірек тұрғаннан аман қалыпты. Иван дереу ауруханаға жеткізілген. Жасөспірімнің кеудесін, белі мен аяқ тұстарын әжептәуір күйік шалған.


Иван Сутула, зардап шегуші
:

— Оқиғаның қалай болғаны есімде жоқ. Көзімді ашсам,ауруханада жатырмын. Болған жайтты дәрігерлерден естіп, өз-өзіме әлі келе алар емеспін. Ажалдан аман қалыппын. Осыған тәубе, ал жарақатым жазылар.