44 қазақстандық университет Азияның үздік оқу орындарының қатарына енді - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
6 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
44 қазақстандық университет Азияның үздік оқу орындарының қатарына енді

44 қазақстандық университет Азияның үздік оқу орындарының қатарына енді

QS Quacquarelli Symonds агенттігі 2026 жылға арналған Азияның үздік университеттерінің рейтингін жариялады. Биыл тізімге 25 елден 1529 жоғары оқу орны кірген

  • 6 Қараша
  • 6
ФОТО: pixabay.com

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Рейтингке алғаш рет 554 университет қосылып, бұл QS тарихындағы ең ауқымды зерттеу болды. Қатысушылар саны бойынша Қытай (395 ЖОО), Үндістан (294), Жапония (147) және Оңтүстік Корея (103) көш бастап тұр.

Қазақстан үшін бұл – рекордтық көрсеткіш: 44 университет рейтингке енді, оның 10-ы алғаш рет тізімде.

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 38-орынға, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ 61-орынға, Satbayev University 79-орынға, ал Назарбаев университеті 201-орынға ие болды.

Министрліктің мәліметінше, бұл жетістік елдегі жоғары білім сапасы мен халықаралық серіктестіктің нығайғанын көрсетеді.

Перейти к новостям спорта