446 миллиард теңге зейнетақы жинағы БЖЗҚ-ға қайтарылды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+1 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
446 миллиард теңге зейнетақы жинағы БЖЗҚ-ға қайтарылды

446 миллиард теңге зейнетақы жинағы БЖЗҚ-ға қайтарылды

Салымшылардың жеке зейнетақы шоттарына 446,4 миллиард теңгеден аса қаражат қайтарылды, себебі қазақстандықтар біржолғы зейнетақы төлемін белгіленген мерзімде пайдаланбаған. Бұл туралы БЖЗҚ баспасөз қызметі хабарлады.

  • 7 Маусым 2022
  • 110
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Ал рубль бағамы — 7, 07 теңге.

"Уәкілетті операторлардан салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарына (ЖЗШ) өтініш берушінің өтініші және өзге де себептер бойынша 446,4 миллиард теңгеден аса қаражат қайтарылды, себебі қазақстандықтар біржолғы зейнетақы төлемдерін белгіленген мерзімде пайдаланбаған", — деп түсіндірді БЖЗҚ.

2022 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшылардың тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін зейнетақы қаражатын пайдалану туралы 1 323 432 өтінішін орындады.


Сонымен қатар емделуге берілген 298,0 миллиард теңгенің 384 969 өтініші орындалды.