Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Министрдің айтуынша, солтүстік және орталық өңірлерде орташа температура 17–20 градус шамасында болады. Ал еліміздің батысында 23–25 градус жылы күтілуде.
Оңтүстікте аптап ыстық болады
Оңтүстік-батыс пен еліміздің қиыр оңтүстігінде ауа райы әдеттегіден ыстық болады. Жазық өңірлерде температура 24–28 градусқа дейін, ал кей жерлерде 45 градусқа дейін жетуі мүмкін.
Жауын-шашын мөлшері әртүрлі болады
Министрлік мәліметінше, маусым айында:
• Батыс, солтүстік-шығыс, шығыс және оңтүстік аймақтарда жауын-шашын мөлшері климаттық нормаға сәйкес болады;
• Ал қалған өңірлерде жауын-шашын мөлшері нормадан аз болуы мүмкін.
Шілдеге болжам қандай?
Ұзақ мерзімді болжамға сәйкес, шілде айында да ауа температурасы еліміздің көп бөлігінде норма шегінде болады.
Алайда шығыс пен оңтүстік-шығыста температура нормадан 1 градусқа жоғары болуы ықтимал.
Жауын-шашын көлемі де негізінен қалыпты деңгейде болады. Бірақ:
• Қиыр солтүстік-батыс,
• Солтүстік,
• Оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде жауын-шашын мөлшері климаттық нормадан артық болуы мүмкін.