Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Қазгидромет синоптиктерінің хабарлауынша, арктикалық антициклон Қазақстанның солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында және орталығында аязды ауа-райын ұстап тұруды жалғастыруда. Алайда, оңтүстік циклонмен еліміздің батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында қар жауады, бұрқасын күтілуде; таулы аймақтарда – қатты қар, сондай-ақ республиканың оңтүстік-шығысында аяздың біртіндеп әлсіреуі болжанады.
"Ауа температурасы батыста түнде 10-25-ке дейін, күндіз 5 -15 аязға дейін төмендейді, солтүстік және орталық аймақтарда түнде 28-38, күндіз 15-23 аяз, шығыс аймақтарда түнде 32-45, күндіз 20-32 аяз, еліміздің оңтүстік-шығысында түнде 15-25 аязға дейін, күндіз 0-13 аязға дейін біртіндеп жоғарылайды", — делінген Қазгидромет жариялаған хабарламада.