45 жасында зейнетке шығатын полицейлер енді 60 жасқа дейін жүреді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
45 жасында зейнетке шығатын полицейлер енді 60 жасқа дейін жүреді

45 жасында зейнетке шығатын полицейлер енді 60 жасқа дейін жүреді

Бүгін Ішкі істер саласына арналған Сенаттағы Үкімет сағатында Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев офицерлерді зейнетке шығару жасы ұзартылатынын хабарлады.

  • 12 Наурыз 2021
  • 11455
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Шынында да, қазіргі уақытта біздің полиция қызметкерлері өте тәжірибелі, кәсіби әлеуетке ие, олардың көпшілігі 45-55 жасында қызметтен кетуге және зейнетке шығуға мәжбүр. Сондықтан қазір әртүрлі коммерциялық құрылымдарда жұмыс істейді. Біз зейнетке шығу мәселесін көтеріп жатырмыз. Осыған байланысты жұмыс тобын құрдық,- деді Тұрғымбаев.

Оның айтуынша, майорларға төрт жыл қосып, 52 жастан бастан зейнеткерлікке шығуға мүмкіндік беріледі. Подполковниктерге – 55 жастан, полковниктерге – 58 жастан, ал жоғары басшылық құрамын 63 жастан бастап зейнетке шығару мәселесі қаралып жатыр екен.


Өзге елдердің тәжірибесін салыстырып отырмыз. Басқа елдерде бұл басқаша шешіледі. Мысалы, Ресейде — 60 жас, Жапонияда, Германияда — 65 жас. Біз де осы мәселені пысықтағымыз келеді, — деді министр.

Соңғы жаңалықтар