48 адамның өмірін құтқарып қалған cемейлік жігіт Малаховтың бағдарламасына шақырту алды - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
48 адамның өмірін құтқарып қалған cемейлік жігіт Малаховтың бағдарламасына шақырту алды

48 адамның өмірін құтқарып қалған cемейлік жігіт Малаховтың бағдарламасына шақырту алды

Ресейлік тележүргізуші Андрей Малахов 48 адамды өртеніп жатқан автобустан аман алып қалған қазақстандық Ержан Амархановты өз бағдарламасына шақырды.

  • 14 Тамыз 2018
  • 80
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Tengrinews.kz жазды. 

"Бағдарлама түсіріліміне құжаттарымды дайындағаннан кейін бірақ барамын. Иә, мені шақырды. Түсірілім қашан болатынын әлі нақты айтқан жоқ. "Еуразия Бірінші" арнасы мені "Пусть говорятқа", ал "Россия" Андрей Малаховқа шақырды", — деп хабарлады Ержан Амарханов. Оның айтуынша, ұйымдастырушылар казақстандықтың жолын төлеп береді. "Құжаттарым бар деп, оларға хабарласамын. Иә, жолымды түгелей өздері төлеп беретін болады. Бағдарламада барлығы қалай болғанын айтып беремін. Ол жерде тек мен емес, мен құтқарып алған адамдар да болады. Кім қашып кетті, автобустағылар қайда тұрғанын, оларда неліктен өртсөндіргіш болмағанын — бәрін сол жерде айтатын боламын", — деді қазақстандық. Ержан Амархановтың айтуынша, барлық құжаты өртеніп кеткеннен кейін қиын болған. Алайда, барлық жолаушы аман-сау қалғаны қуантады. "Ол жағдайдан кейін өзімді табу қиын болды. Не құжатым, не байланыс телефоным болған жоқ. Достарым тез арада ұшып келіп, бірнеше минутта барлығын тауып, жасап берді. Қазақстанның Мәскеудегі елшісі хабарласып, тағы басқа көп адам көмектесті", — деді ол.

Еске салайық, тамыздың 5-не қараған түні Ержан Амарханов Ресейге автокөлік сатып алу үшін жол жүріп барған. Сол түні автобустан өрт шыққан. Ол сәтте жолаушылардың барлығы ұйықтап жатқан. Ал Ержан Амарханов алғашқылардың бірі болып оянып кеткен екен. Ол бірден жолаушылардың барлығын оятып, бұғатталған есіктерді ашып, адамдарды құтқара бастаған.


 

Соңғы жаңалықтар