4-ші сессия барысында Мәжіліс 144 заң жобасын мақұлдады - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
4-ші сессия барысында Мәжіліс 144 заң жобасын мақұлдады

4-ші сессия барысында Мәжіліс 144 заң жобасын мақұлдады

4-сессия барысында Мәжіліс 144 заң жобасын мақұлдап, Сенатқа жіберді. 104 заңға Елбасы қол қойды.

  • 29 Маусым 2011
  • 378
Фото - Caravan.kz

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің төртінші сессиясындағы соңғы отырысында өткен кезеңді қорытындылап сөз сөйлеген палата Төрағасы Орал Мұхамеджанов осылай мәлім етті.

Палата спикерінің айтуынша, 4 сессия Мәжіліс депутаттары үшін маңызды әрі жауапкершілігі зор сессия болды.

«Заң шығару процесінде экономикалық реформаларды құқықтық қамтамасыз етуге баса көңіл бөлінді. Осы мақсатта біз салық салу жүйесін жетілдіру, мемлекеттік мүлікті тиімді басқаруға, көлік қызметінің сапасын арттыруға, аграрлық секторды одан әрі дамытуға бағытталған заңдарды қабылдадық. Шағын және орта кәсіпкерлікке қолдау көрсету бойынша да ауқымды жұмыс атқардық. Сонымен қатар, депутаттық қызметтің басым бағыттарының бірі халыққа әлеуметтік қолдау көрсетуді күшейту, білім беру мен денсаулық сақтауды дамытуға қажетті жағдайлар жасау болып табылады», — деді спикер. Оның айтуынша, өткен сессия барысында зейнетақымен қамсыздандыруды арттыруға, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын реттеуге, ғылым мен инновацияларға қолдау көрсетуге бағытталған маңызды заңдар қабылданған.

«Депутаттардың халықаралық саладағы заң шығару жұмысы да ауқымды болды. Сессия барысында бірталай халықаралық шарттарды, конфенциялар мен келісімдерді ратификацияладық. Оның ішінде Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістіктің жұмысын реттейтін құжаттар да бар», — деді О. Мұхамеджанов.

Соңғы жаңалықтар