"5-6 бала туып, нервісі кетіп, миы ашып жүреді": Танымал психолог көп балалы аналарға тиісті - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"5-6 бала туып, нервісі кетіп, миы ашып жүреді": Танымал психолог көп балалы аналарға тиісті

"5-6 бала туып, нервісі кетіп, миы ашып жүреді": Танымал психолог көп балалы аналарға тиісті

Танымал психолог, коуч Ержан Мырзабаев бірінен кейін бірін дүниеге бала әкеліп, кейін денсаулығы мен жүйке жүйесі сыр беретін көп балалы аналарды сынға алды.

  • 4 Қараша
  • 232
Instagram/Ержан Мырзабаев

Ол «санға емес, сапаға қарау» керек екенін атап өтті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Бұл туралы ол өзінің жеке парақшасында мәлімдеді.

Декретке бір кіріп, 10-15 жыл декреттен шыға алмай кететін әйелдер бар. Бірінен кейін бірін 5-6 бала туып тастайды. Мен бала тууға қарсы емеспін. Мен Қазақстанның демографиясының артуын әрине қолдаймын. Бірақ біз ата-ана ретінде санға емес, сапаға көбірек назар аударуымыз керек. Егер 5-6 бала туып, артынан денсаулығыңыз, нервіңіз кетіп, миыңыз ашып, психикаңыз ашитын болса, «агрессивная» болып, бүкіл балаларға зорлық-зомбылық, айқай шу, ұрып-соғып көрсететін болсаңыз, «нервный» болып, күйеіңізге тиісіп, қарым-қатынас нашарлайтын болса, бұл 6 баланың өкінішке орай, сізден алар пайдасы аз. Одан да 3 бала болсын, әр бала арасында 2-3 жыл демалыс болсын.

Әр баладан кейін қалпыңызға келіп алыңыз, демалып, өзіңізге келіп алыңыз, миыңызды жинақтап алыңыз. Келесі баланы саналы түрде жоспарлап дүниеге әкеліңіз. Сол кезде сіз 10-15 жылдың ішінде мүмкін 3-ақ бала туасыз. Бірақ әр бала сізден ана ретінде, әке ретінде толыққанды сүйіспеншілік, мейірім көріп өсетін болады. 5-6 бала туып тастайды, ең кішкентайы ғана ата-ананың сүйіспеншілігін көреді, қалғандарының барлығы үйдің бір бөтен баласы сияқты жүреді», — деді психолог.