«Үстіміздегі жылдың бес айында ішкі істер органдарының жеке қауіпсіздік бөлімшелері азаматтардың полиция қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері туралы 6,5 мыңнан аса шағымын қарады», — деп хабарлады ол жұма күні ішкі істер органдарындағы жемқорлықпен күрес мәселелеріне арналған интернет-баспасөз мәслихатында.
«Барлық арыздар бойынша тексеру жүргізіліп, олардың қорытындысы бойынша айыпты лауазымды тұлғалар қылмыстық және тәртіптік жауапкершілікке тартылды», — деді А.Меңдіғалин.