"5 Алтын": Азия чемпионатының финалына шыққан боксшы қыздарымыздың барлығы жеңіске жетті - kaz.caravan.kz
  • $ 516.01
  • 582.47
+21 °C
Алматы
2025 Жыл
9 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"5 Алтын": Азия чемпионатының финалына шыққан боксшы қыздарымыздың барлығы жеңіске жетті

"5 Алтын": Азия чемпионатының финалына шыққан боксшы қыздарымыздың барлығы жеңіске жетті

Таиландтың Чиангмай қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында финалға шыққан Қазақстан әйелдер құрамасындағы бес боксшының барлығы жеңіске жетіп, алтын медальға ие болды.

  • 10 Желтоқсан 2024
  • 86
Фото: Қазақстан бокс федерациясы

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Бұған дейін ел қоржынына үш алтын салған боксшы қыздарымыз туралы жазған едік.

Құрлықтық доданың финалдық кезеңінде төртінші алтынды 81 келіде өнер көрсеткен Гүлсая Ержан жеңсе, бесінші алтынды Өзбекстан боксшысын 4:1 есебімен жеңген Елдана Тәліпова иеленді.

Еске сала кетейік, бокстан Азия чемпионатындағы ерлер арасындағы финалдық жекпе-жектер ертеңге, яғни 11 желтоқсанға жоспарланған.