5 аю аралдағы метеостанса қызметкерлерін сыртқа шығармай отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
5 аю аралдағы метеостанса қызметкерлерін сыртқа шығармай отыр

5 аю аралдағы метеостанса қызметкерлерін сыртқа шығармай отыр

Ненецк автономды өлкесінің Вайгач аралында бес ақ аю метеостансаның бес қызметкерін (араларында екі қыз бар) сыртқа шығармай отыр.

  • 28 Тамыз 2015
  • 316
Фото - Caravan.kz


Ал станса қызметкерлерінде бірнеше  фальшфейер мен резеңке оқтар ғана бар. Бірді-екілі атып көргенмен жыртқыштар қорқа қоймады. Керісінше стансаны айналшықтап кетпей қойған, деп хабарлайды Ресей Бүкіләлемдік жабайы табиғат қоры (WWF).

Қыздардың бірі WWF-ға аюлар құрылыстардың маңына жайғасқанын айтты.  «Олар үйдің маңында ұйықтайды. Екеуі бірге, қалғандары бір-бірден жүреді», — деді метеостанса қызметкері. Мамандар болса, күніне екі рет далаға шығып теңізде өлшеу жүргізуі тиіс. Алайда қазіргі жағдайда ол тым қауіпті болып отыр. 

Соңғы жаңалықтар