“5 баланы сыртынан жауып кетіп қалу – түк көрмегендік!” – Ермахан Ибраимов - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“5 баланы сыртынан жауып кетіп қалу – түк көрмегендік!” – Ермахан Ибраимов

“5 баланы сыртынан жауып кетіп қалу – түк көрмегендік!” – Ермахан Ибраимов

Алматы қалалық мәслихатының депутаты ретінде ол еліміздегі 11 мың кедейді “арпа ішіндегі бір бидай” деп қана есептейді екен…

  • 23 Ақпан 2021
  • 221
Фото - Caravan.kz

Боксшы, халықаралық спорт шебері, Сидней Олимпиадасының жеңімпазы Ермахан Ибраимов Нартай Аралбайұлына сұхбат беріп, екі сөзінің бірінде “айтады ғой, айтады ғой…” деп отырып-ақ біраз әңгіменің басын шалды, деп жазды paryz.kz.

Алматы қалалық мәслихатының депутаты ретінде ол еліміздегі 11 мың кедейді “арпа ішіндегі бір бидай” деп қана есептейді екен. Сондай-ақ былтыр елордада үйдің өртенуі салдарынан көз жұмған 5 баланың ата-анасын “түк көрмеген” деп айыптады.

“Шынына келгенде, бұл – өте өкінішті. Бүкіл Қазақстан дүр сілкінді. Әрекет жасаған кезде, үйден шығар кезде барлық қауіпсіздікті қарастырып кетуі керек еді. Ең болмаса, көршіге тапсырып кет, бірақ 5 баланы түнде қалдырып кету деген дұрыс емес. Туған-туысы бар, әке-шешесі бар, соларға тапсырып кет. Бес баланы сыртынан жауып кетіп қалу деген – нағыз түк көрмегендік!” – деді боксшы шенеунік.


Сол сәтте журналист оның өзінің де Дубайда қыдырып жүріп, ұлын қараусыз қалдырғанын алға тарта қойды. Ал Ермахан Ибраимов баласының сол кезде бассейнге батып кетіп қайтыс болғанын “Құдайдың ісі” деп құтылды.