Жарияланды: 180

5 млн қарызды жабу үшін Қазпошта қызметкері ұрлық туралы өтірік оқиға ойлап тапқан

5 млн қарызды жабу үшін Қазпошта қызметкері ұрлық туралы өтірік оқиға ойлап тапқан

Ревизия барысында кассаға 5 миллион теңгенің жетіспей тұрғаны анықталған.

Алматы облысының полицейлері 27 жастағы Қазпошта кассасының қызметкерінің өтірігін әшкереледі, - деп хабарлайды Zakon.kz Алматы облысы ІІБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

23 тамыз күні Еңбекшіқазақ ІІБ-ның кезекші бөліміне Қазпошта кассасының қызметкері қоңырау шалып, жұмыс орнында ұрлық болғанын хабарлаған. Ұры кассадан 782 000 теңге алып кеткен.

Аталған фактіге сәйкес, қылмыстық іс қозғалып, ұрлықтың куәгері болуы мүмкін деген адамдардан жауап алынады, сонымен қатар кассаға ревизия жүргізіледі. Жауап алу кезінде полиция қызметкерлері касса қызметкерінің өтірік айтқанын байқап қалған.

«Ревизия барысында кассаға 5 миллион теңгенің жетіспей тұрғаны анықталған. Тергеу барысында әйел өзінің осы қарызды жабу үшін ұрлық туралы өтірікті ойлап тапқанын айтты», - деп хабарлайды Алматы облысы ІІБ баспасөз қызметі.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть