"5 млн жібердіңіз, қайда сол ақша": Тасқын су басқан өңірлерге ақша аударған Айнұр Тұрсынбаеваның басы бәлеге қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"5 млн жібердіңіз, қайда сол ақша": Тасқын су басқан өңірлерге ақша аударған Айнұр Тұрсынбаеваның басы бәлеге қалды

"5 млн жібердіңіз, қайда сол ақша": Тасқын су басқан өңірлерге ақша аударған Айнұр Тұрсынбаеваның басы бәлеге қалды

Танымал айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева тасқын судан зардап шеккен өңірлерге қомақты қаражат аударған еді.

  • 9 Сәуiр
  • 185
Фото - Caravan.kz

Алайда халық ол ақшаның қайда кеткенін білмейтінін айтып, шу шығарды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Айтыскер ақын бұған дейін тасқын судан зардап шеккен аймақтарға қомақты қаржы аударғанын айтқан еді. Алайда көпшілік қордан бөлініп жатқан ақша мен ақын жолдаған ақшаның жүзін де көрмегенін жарыса жазуда.

«5 млн кімге жібердіңіз? Пандемия кезінде де естідік, миллиондап ақша аударылып жатты, бірақ қайда сол ақша? Өздері жинап, өздері бөліп ала ма? Бір ауру балаға бір тиын берілді деп немесе бір үйсізге бір үй берілді деп естімейміз үкіметтен. Халықты халық жарылқауда», «Халыққа памперс пен тамақ керек емес, тамақпен қамтамасыз етіліп отыр. Суға кеткен адамдарға қаржылай көмек беру керек. Список жасап», «Миллиардтап ақша бөлінген, тасқынға, сол ақша қайда?… Неге 30 жылда бір бөгет салынбады? Немқұрайлы қарап жатқан үкімет, сорлап жатқан қарапайым халық», «Қу дүние деген осы екен ғой, бүкіл жиған-тергенің бір-ақ күнде судың астында қалды… Сіздер жіберген ақша елге жетсе жақсы ғой, сондықтан зардап шеккендердің өз шотына аудару керек, бүл үкіметке сенім жоқ» деп жазды олар.