5 тамыздан бастап елімізде «Медиация туралы» заң күшіне енеді - Б. Бекназаров - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
5 тамыздан бастап елімізде «Медиация туралы» заң күшіне енеді - Б. Бекназаров

5 тамыздан бастап елімізде «Медиация туралы» заң күшіне енеді - Б. Бекназаров

5 тамыздан бастап елімізде «Медиация туралы» заң күшіне енеді. Бұл туралы бүгін ҚР Жоғарғы сотының төрағасы Бектас Бекназаров журналистермен ресми баспасөз мәслихатын өткізу барысында мәлім етті.

  • 29 Шiлде 2011
  • 764
Фото - Caravan.kz

Журналистермен әңгіме барысында, Жоғарғы сот төрағасы елімізде 5 тамыздан бастап медиация инстиуты енгізілетінін айта келе, бұндай институттың қазаққа жат емес екендігін алға тартты. «Латыннан аударсақ, «медиация» келісу, ымыраласу деген мағынаны білдіреді. Заң солай қабылданған соң, оның атауы сол қалпында қалады. Әрине, бұл институттың түпкі мақсаты — бітімгерлік. Бүгінгі таңда елімізде сотқа жүгініп жатқан көптеген істер сот құзырына жетпей-ақ ымыраласып, тарқасып жататыны жасырын емес. Бұндай жағдайды татуластыру, бітімгершілік жасау, келісу арқылы заң жүзінде жүзеге асырғанның пайдасы зор», — деді Б. Бекназаров.

Оның келтірген мәліметтеріне қарағанда, Малайзия мемлекетінде бітімгершілік арқылы сотқа жетпей бітетін істер саны 90 пайызды құрайды. Тек 10 пайыз істер ғана сот шешімімен аяғына жетеді. Англияның сот жүйесінде медиация арқылы 50 пайыз істер шешімін табады.

«Қазақстанда әзірше керісінше — 90 пайыз істер тек сот шешімі арқылы ғана жүзеге асып жатыр. Бітімгершіліктің үлесі 10 пайыз ғана. Ал заң күшіне енгеннен бастап, жеңілдіктерге жол ашылады деп ойлаймын. Бұнда жеңілдік сотқа емес, ең алдымен оған жүгінетіндер үшін болады деген пікірдемін», — деді Жоғарғы сот төрағасы.

Соңғы жаңалықтар