Өз үндеуінде Замир Рүстемұлы Президентпен кездескісі келетінін жеткізді. Қазіргі таңда ол Аққу ауылындағы орта мектептің дайындық сыныбында оқиды. Анасы үй шаруасындағы адам болса, әкесі Рүстем жергілікті жанар-жағармай станциясының басшысы болып еңбек етеді.+
«Әкем сіздің менімен кездесуге уақытыңыз жоқ дейді. Егер уақытыңыз болып жатса, сізге қонаққа келер едім», – дейді Замир.