Жарияланды: 400

5 жасар қызды зорлады деген күдікпен полиция Алматы облысының бір тұрғынын ұстады

Алматы облыстық полициясы 5 жасар қызды зорлаған күдіктіні қамауға алды. Бұл туралы Алматы облыстық ІІББ-ның баспасөз қызметінен KZ-today тілшісіне хабарлады.

Осыдан бірнеше күн бұрын Сарқанд ауданында тұратын бір бақташылар отбасы қыздарының зорланғаны туралы полицияға арыз түсірген. Ата-ананың айтуынша, сол күні олар ауыл қыдырып кетіпті. Үйде 5 жасар бүлдіршін қыз, оның 7 жастағы ағасы мен отағасының көмекшілері қалған. Соңынан үйіне оралған оларға қыз көмекшілердің бірі өзін зорлағанын хабарлайды. Алайда, өсек-аяңнан қауіптенген ата-ана болған оқиға туралы ертеңінде ғана полицияға жеткізген. Бұл туралы арыздан кейін полицияның бүкіл қызметкерлер құрамы күдіктіні іздеуге кіріседі. Нәтижесінде күдікті көршілес Ақсу ауданында ұсталды. Қыз бен оның ата-анасы 29 жастағы тұтқынды таныды. Қазір күдікті уақытша тергеу абақтысының жеке бөлмесіне қамалып, оның үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін