5 жасар қызы зорланған тұрғын педофилдің өмір бойына сотталғанын талап етуде! - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
5 жасар қызы зорланған тұрғын педофилдің өмір бойына сотталғанын талап етуде!

5 жасар қызы зорланған тұрғын педофилдің өмір бойына сотталғанын талап етуде!

Ақтөбеде 5 жасар қызы зорланған тұрғын педофилдің өмір бойы бас бостандығынан айырылғанын талап етіп отыр. Естеріңізге салсақ, күні кеше ғана 35 жастағы азамат аулада ойнап жүрген сәбиді қорқытып, ұрлап кеткен. Педофилдің әкесі ұлының айуандық әрекетінің үстінен түсіп, баланы арашалаған болатын.

  • 17 Қыркүйек 2015
  • 391
Фото - Caravan.kz

Бес баланың анасы Нұргүлдің сол күнді есіне алса, көзіне еріксіз жас келеді. Алыстан келген ағайынына ас әзірлеп жүріп перзентінің үйге қалай оралғанын байқамаған. Тек тамаққа шақырар кезде ғана төсегінде бүк түсіп жатқан қызын көріп шошып кетеді.

Нұргүл Манасбаева, жәбірленушінің анасы:

— Қыз ұйықтап жатыр. Мына қыз ұйықтап қалыпты ғой, Алмас дедім де үстіне жабайын деп жатқанымда бақырып, шошып, айқайлап. Қыз деген бір уақытта мен екенін біліп, есін жиып, тас қып құшақтап алған. Дірілдеп жатыр да температура ұрып тұр қыздан.

Алғашқыда қыз бала тілге келмеген. Тек киіміндегі қан іздерін көргенде ғана анасы тәртіп сақшыларын шақыртыпты.

Жәбір көрген бүлдіршін оқиға болған күні дәл осы жерде ойнап жүрген. Еңгезердей еркек келіп білегінен ұстап алғанда қорыққанан үні шықпай қалыпты. Кейін күдікті оны көше бойлай үйіне қарай сүйрей жөнелген.

35 жастағы азғынның бұрын сотталғаны белгілі болды. Ата-анасымен осы үйде тұрады екен. Баланы көтеріп осында әкелген. Көрші бөлмеде ұйықтап жатқан педофилдің әкесі ұлының айуандық әрекетінің үстінен түсіп, бөбекті арашалап қалады. Ал қызға ешкімге тіс жармауды бұйырып, өлтірем деп қорқытқан. Бірақ тәртіп сақшыларын көргенде бүлдіршін тілге келіп, оқиғаны жайып салды. Енді баланың анасы қамауға алынған күдіктінің өмір бойына жазаланауын талап етіп отыр.

Нұргүл Манасбаева, жәбірленушінің анасы:   

— Өмір бойына кетсін. Кеше айтып жатқанда 10-15 жыл деп жатыр. Ондайларға аз ол. Даже керек болса өлім жазасына кесу керек. Жүрегі жарылып кетсе қайтер едім?

Бүлдіршінмен психологтар жұмыс істеп жатыр. Ал былтыр ғана бостандыққа шыққан қаскөй педофилдік әрекеті үшін қайта қамауға алынды. 

Соңғы жаңалықтар