5 жылда елде 148 Қазақстан азаматы «терроризм» бабы бойынша сотталған - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
5 жылда елде 148 Қазақстан азаматы «терроризм» бабы бойынша сотталған

5 жылда елде 148 Қазақстан азаматы «терроризм» бабы бойынша сотталған

Бізді жас азаматтарымыздың қолына қару алуға итермелейтін алғышарттар, себептер, факторлар алаңдатуы тиіс.

  • 8 Қараша 2012
  • 455
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін Астанада «Қазақстандағы эстремизм мен терроризм: кездейсоқ құбылыс па, үрдіс пе» атты семинар барысында «Нұр Отан» ХДП хатшысы, саясаттанушы Ерлан Карин мәлім етті.

Оның айтуынша, соңғы 5 жылда өзге елде Қазақстанның 40 азаматы лаңкестік қызметпен айналысты деген күдікпен ұсталған.

«Бізді жас азаматтарымыздың қолына қару алуға итермелейтін алғышарттар, себептер, факторлар алаңдатуы тиіс. Соңғы 5 жылда республика ішінде 148 Қазақстан азаматы «терроризм» бабы бойынша сотталған. Биылдың өзінде 83 адам «терроризм» бабымен істі болды. Сондықтан бұл мәселе 5 жыл бұрын да болған», — деді Е.Карин.

Саясаттанушының айтуынша, сотталған лаңкестердің 70 пайызы 29 жасқа дейінгі жігіттер. Осы орайда экстремисттік әрекеттерге баруға себепші болар ішкі факторларға көңіл бөлу қажет. Ресейлік сарапшылардың пікірін келтірген Е.Карин бұның бірі, жастарды экстремизмге шақыратын интернеттегі үгіт-насихат материалдарының қолжетімділігі болуы ықтимал екендігін қадап айтты.

Соңғы жаңалықтар