Caravan Logo

50 метр құздан өзенге бір-ақ құлаған көліктің жүргізушісі іздестірілуде

50 метр құздан өзенге бір-ақ құлаған көліктің жүргізушісі іздестірілуде

Жардан құлаған көлікті әзірге жағаға шығару мүмкін болмай тұр. Белгілісі, темір тұлпар тізгінінде 32 жастағы әскери қызметкер болған. Алдыңғы терезенің жоқтығын көрген мамандар, жігіт өздігінен көліктен шығуға тырысқан деп топшылап отыр. Бірақ суға ағып кеткені, жағалауға жүзіп шыққаны әзірге белгісіз. Қазір оны Семейдегі судан құтқару қызметінің мамандары іздестіріп жатыр.


Қуанышбек Байтуғанов, Семей қалалық судан құтқару қызметінің бастығы:

- Оқиға болған жерден төменгі жағында 2 шақырым жерден аяқ киімдер табылды. Ол аяқ киімдерді туған-туыстары таныды соныкі екенін. Қазір іздеу жүріп жатыр. Бүгін-ертең, енді, табылғанша іздейміз.