Желіде жұлдыздардың перзентеріне таңдаған ерекше есімдері жарияланды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.
Әнші Мақпал Исабекова есім таңдауды жолдасына қалдырған. Ал оның таңдауы Теодор есіміне түсіпті.
Блогерлер отбасы Жанабіловтар де елді таңқалдырды. Ұлдарының атын Эльнур, Леон және Даниэль деп қойған.
Жайдарманшы Дәуіт Шайхисламов пен әйелі Дана да бұл көштен қалыс қалған жоқ. Олардың Шарлиз және Дилен есімді ұлдары бар.
Отандық дизайнер Салтанат Баймұхамедова балаларына Аттила және Жульет есімдерін берген.
Әнші Лидо болса қызына Риана, ұлына Рахман есімін беріпті.
Бұған жұрт "Кілең фантазерлар", "50 жылдан кейін ешкімде қазақша есім болмайды", "Атилла емес Еділ деп қойса қайтеді?", "Мағынасы жоқ есімдер", "Қазақы есімдер қалмап па?" деген сынды пікірлерін жаудырып жатыр.