500 мың шөлмек арақ-шарап жалған маркамен саудаланған - kaz.caravan.kz
  • $ 468.88
  • 534.1
+33 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
500 мың шөлмек арақ-шарап жалған маркамен саудаланған

500 мың шөлмек арақ-шарап жалған маркамен саудаланған

Шымкентте заңсыз арақ шығарумен айналысқан астыртын зауыт әшкереленді. Жарты миллион шөлмек ішімдікке жалған марка жабыстырылып, сауда орындарына таратылыпты. 

  • 10 Қазан 2013
  • 240
Фото - Caravan.kz


Міне, мынау оңтүстік жұртына арақ шығарумен танымал болған зауыт. Салықтан жалтарғысы келген пысықайлар шөлмек сыртына жалған марка жабыстырып, тағы 100 мыңдай данасын сатылымға шығаруға дайындап қойған екен. Араларында ең арзандары мен, жұрттың шетелдік деп қымбатқа алып жүрген арақтары да бар. Марканы да сол жерде қолдан жасап шығарған. Соңғы бір ай өзінде дүкен сөрелеріне түскен осындай 500 мың шөлмек арақ анықталып, тәркіленген. Жалпы бұған дейін қанша партияның айналымға түсіп кеткенін ешкім дөп басып айта алмайды. Өйткені зауыт иелері кәсіптерін жылдар бойы дөңгелетіп келген.