Бұл туралы жамбылдық «Жасыл елдің» жетекшісі Ықтияр Мырзахметов хабарлады.
«Қазақстанның ауыл жастары» облыстық қоғамдық бірлестігі мен «Жасыл елдің» облыстық штабы жұмыссыз ауыл және қала жастарының, жоғары оқу орындары мен колледж студенттерінің және лицей оқушыларының, балалар үйлері мен интернат тәрбиеленушілерінің өкілдерінен жастардың еңбек отрядтарын жасақтаумен, олардың жұмыстарын ұйымдастырумен айналысуда», - дейді Ы.Мырзахметов.
Жастар жетекшісінің айтуынша, еңбек маусымы басталғалы бері бірлестіктер жастардың атсалысуымен «Менің атаулы ағашым», «Жасыл бақ - таза қала», «Сенің дауысың маңызды», «Тәуелсіздік құрдастары», «Ауылдың гүлденуі - Қазақстанның гүлденуі» сияқты акциялар өткізді.