Жобаны Нұрсұлтан Назарбаев қорының қолдауымен Қазақстан жастарының конгресі ұйымдастырып жатыр,деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Жоба мақсаты — қазақстандық журналистиканы дамыту, өз саласындағы кәсіби мамандардан — еліміздің белгілі журналистерінен, БАҚ менеджерлері мен жетекшілерінен, блогерлер мен телеграм арналарының авторларынан, медиа-тренерлерден тегін білім алу мүмкіндігін беру.
Сабақтар төрт бағыт бойынша өтті: блог жүргізу және әлеуметтік медиа; жеке бренд және PR; телевизиялық журналистика; баспа және интернет журналистика.
Бағдарламаның бірінші бағыты — «Блог жүргізу». Әлеуметтік медиа, копирайтинг, сторителлинг пен Instagram және Youtube сияқты платформалардағы қазіргі тенденцияларға арналды.
Екінші бағыт — «PR және жеке бренд». Бұл бағытта имидж қалыптастыру, БАҚ-пен өзара әрекеттесу және дағдарысқа қарсы менеджмент туралы сөз қозғалды.
Үшінші бағыт телевизиялық мансап пен жеке авторлық шоу бағдарламасын армандайтындар үшін ерекше қызықты болды. Телевизиялық журналистика апталығында әдеттегі жаңалықтан бастап авторлық бағдарламаға дейін талдау жасалды.
Бағдарлама баспа журналистикасының негіздерін, трендтердің ерекшеліктерін және интернет-БАҚ-та жұмыс істеуді, мақала жазуды және сұхбаттасу өнерін оқытуға арналған модульмен аяқталды.
Жоба спикерлерінің бірі Жанна Ибраева курстың соңғы күні қатысушыларға «жоғарғы деңгейдегі белсенділіктері мен керемет кері байлыныстары үшін» алғысын білдіріп, тренинг барысында алынған стратегиялық бағыттар мен коучингтерді қатысушылар түрлі ынтымақтастық пен интеграциялық қоғамдастық құру кезінде де қолдана алатындықтарын атап өтті.
Баспа журналистикасы бағытының спикері Т имур Сержанов жас мамандарға өз кеңесін берді:
«Ештеңе аяқталған жоқ — бәрі енді басталады, өйткені сіздер көптеген білім мен дағдыға ие болдыңыздар, енді оларды құзыреттілікке айналдырып, әрі қарай жалғастыру керек».
«Осы жобаның арқасында мені елордадағы редакцияға жұмысқа шақырды», «Біз әрі қарай да белсенді боламыз және болашақта Жас Қаламның атынан да хабар таратамыз деген үміттенемін», «Мен жоба кезінде өмірдегі кез-келген жағдайды жеңіп шығуға шабыттандыратын адамдарды кездестірдім», «Сіздер ең құнды деген дүниені бере алдыңыздар. Бұл – білім», — деп пiкiрлерiмен бөлicтi жоба қатысушылары.
Биылғы жылы қатысушылардың санатында мектеп оқушылары, студенттер, белсенді журналистер және қаржы, мемлекеттік басқару, бизнес, медицина, ақпараттық технологиялар және кәсіпкерлік сияқты басқа да салалардың өкілдері бар екенін атап өткен жөн. Жобаның ең жас қатысушысы — әскери журналист болуды армандайтын 10 жасар Алғазиз Исақ.
Жоба соңында әр қатысушы курсты бітіргені туралы сертификат, ал ең белсенді қатысушыларға Нұрсұлтан Назарбаев Қорының арнайы дипломдары табысталды. Сонымен қатар, спикерлер қатысушыларға арнайы сыйлықтар, электронды кітаптар жиынтығын және авторлық курстарға қосымша сертификаттар сыйлады.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, жобаның орыс тілді оқуларына барлығы 511 қатысушы қатысқан. Қазақтілді аудиторияға арналған телерадиожурналистика бағытының сабақтарына 1000 адам шамасында өтiнiм келiп түстi. Ұйымдастырушылар «Jas Qalam» бірыңғай білім беру платформасын құруды бастап кетті. Платформаны жоба соңында, 2020 жылдың желтоқсан айында іске қосу жоспарлануда.